價格:免費
更新日期:2018-12-25
檔案大小:9.5M
目前版本:1.1
版本需求:Android 4.4 以上版本
官方網站:http://www.muftyat.kz
Email:kmdbkz@gmail.com
聯絡地址:Казахстан, г. Алматы, ул. Маметова 1Б
Бұл қосымша мұсылманның осы дүниедегі қорғаны, рухани қаруы, көңіліне медеу, тіршілігіне демеу болатын дағдысы – «Дұға қылу» жайлы толық әрі жан-жақты мағлұмат беріп, Жаратушыдан тілеп, дұға қылуды үйретеді.
Аллаға дұға қылу – мұсылман өмірінде елеулі орын алатын ғибадат. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Егер құлдарым сенен Мен туралы (яғни, Құдай оларға алыс па, әлде жақын ба деп) сұраса: «Мен оларға өте жақынмын. Қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін» - (де)», - дейді. (Бақара 2:186)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftiyat.kz сайтының әзірлеуімен жасалған бұл қосымшада мұсылман өмірінің әрбір сәтіне қажет болатын дұғалар қамтылып, дұғаны дұрыс жасаудың жолдары көрсетілген.
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР:
Жоба жетекшісі: Мұрат Манапұлы
Ақпарат көздері: Сәбит Ибадуллаевтың «Өткір қылыш», «Жын-шайтан өрмектері», «Қара зере – күллі дерттің дауасы», «Зікір туралы 40 хадис», «Жеті түрлі нәпіл намаз», «Қайтар күнге дайындық», «Қабір зияраты әдептері» кітаптары, «мұсылман қорғаны» және ашық ақпарат көздері.